uto@testcenter.kz Астана қ., Жеңіс даңғылы, 60 +7 (7172) 57 59 88

Шет тілдерінен түсу емтиханы

Өтініш беру

Тестілеу туралы

Шет тілдерінен түсу емтиханы шет тілін (ағылшын, неміс, француз) меңгеру деңгейін, сондай-ақ ЖЖОКБҰ-да табысты оқу үшін қажетті тілдік дағдыларды бағалауға бағытталған.

Компьютерлік тестілеу

Тапсыру нысаны

Республикалық маңызы бар қалаларда және облыс орталықтарындағы өңірлік тестілеу орталықтарында

Өткізу орны

Қарастырылған

Апелляция

Летний период

Шет тілдерінен түсу емтиханына өтініштерді қабылдау және емтиханды өткізу мерзімдері ЖЖОКБҰ сайттарында орналастырылады.

Шет тілдерінен түсу емтиханына қатысуға өтініш беру алгоритмі
  • app.testcenter.kz сайтына кіріп, интерфейс тілін таңдау
  • өтініштер беру жүйесіне электронды пошта арқылы тіркелу (Ұлттық тестілеу орталығынан келген хатта міндетті түрде электрондық поштаны растау міндетті)
  • өтініштерді беру жүйесінде алынған логин мен пароль арқылы авторизациядан өту (логин мен пароль көрсетілген хатты өшіруге болмайды)
  • ЖСН көрсетіп, «Іздеу» батырмасын басып (А.Т.Ә. автоматты түрде шығады) және байланыс телефон нөмірін көрсету
  • «Өтініш беру» бөліміне өтіп, «Жоғары оқу орнынан кейінгі білімді - Азаматтық емес ЖЖОКБҰ-ға түсу емтиханын» таңдау
  • қажетті тестілеу түрін таңдау
  • шет тілін тапсыру тілін таңдау
  • тіркеу үшін деректерін толтыру
  • тестілеу өткізу қағидаларымен танысып, келісетінін растау
  • офертамен танысып, келісетінін растау
  • төлем жасау әдісін таңдап, тестілеуге төлем жасау қажет
  • барлық кезеңдерді сәтті аяқтағаннан кейін «Өтініш сәтті қабылданды!» деген мәлімдеме шығады

Тестілеуге қатысу үшін түсуші Ұлттық тестілеу орталығының цифрлық жүйесі арқылы онлайн түрде өтініш береді

Білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін түсушінің Жоғары білімнің бірыңғай платформасында (ЖББП) «оқушы» немесе «түлек» мәртебесі болмауы тиіс.

Түсуші өз еркімен тестілеу тапсыру қаласын таңдайды.

Тестілеуге төлемді 1 сағат ішінде жасау қажет.

Берілген өтініш талапкердің жеке кабинетінде «Менің іс-әрекетім» бөлімінде орналастырылады.

Тестілеуді өткізу пункті, күні мен уақыты туралы ақпарат түсушінің жеке кабинетінде «Менің іс-әрекетім» бөлімінде қолжетімді болады.

Өтініштерді қабылдау базасы белгіленген соңғы күні сағат 18:00-де жабылады.

Инфографика
Берілген өтінішті өзгерту алгоритмі
Берілген өтінішке өзгеріс енгізу қажет болған жағдайда түсушіге (тестілеу тапсыру қаласын) өтініш қабылдау аяқталғанға дейін өтінішіне өзгеріс енгізуге мүмкіндік беріледі.
  • жеке кабинетке кіру
  • «Менің іс-әрекетім» бөліміне өту
  • өтінішті ашып, «Өтінішті өндеу» батырмасын басу
  • өзгерістер енгізу
  • түзетуден кейін «Сақтау» батырмасын басу қажет
Берілген өтінішті жою алгоритмі
Түсуші тестілеуге қатысудан бас тартқан жағдайда деректер базасы жабылғанға дейін өзінің жеке кабинетіндегі өтінішін жою қажет.
  • жеке кабинетке кіру
  • «Менің іс-әрекетім» бөліміне өту
  • өтінішті ашып, «Өтінішті жою» батырмасын басу
  • өтінішті жоюды растау

Өтініштерді қабылдау аяқталғаннан кейін тестілеуге төленген ақы қайтарылмайды.

Бұл ретте, тестілеу үшін төленген ақша қаражаты тестілеу кезеңі аяқталғаннан кейінгі 1 жылға дейінгі мерзімде қайтарылады.

Толығырақ Стрелка

app.testcenter.kz сайтындағы пайдаланушының жеке кабинеті

Өту

Жеке кабинетке кіру және тіркелу жөніндегі нұсқаулық

Ашу

Жеке кабинеттегі аккаунтты қалпына келтіру жөніндегі нұсқаулық

Ашу

Тестілеуге қатысу үшін өтініш беру кезіндегі ережелермен келісетіні туралы келісім

Ашу

Контингент

Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Сот төрелігі академиясы

Қазақстан Республикасы бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Басқару академиясы республикалық мемлекеттік мекемесі

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің М.Есбулатов атындағы Алматы академиясы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы

Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Нормативтік құжаттар

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асырып жатқан Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әскери, арнаулы оқу орындарына оқуға қабылдау қағидалары

Ашу

Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Сот төрелігі академиясына оқуға қабылдау қағидалары

Ашу

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясына оқуға қабылдау қағидалары

Ашу

Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің арнаулы оқу орнына оқуға қабылдау қағидалары

Ашу