Шет тілдерінен түсу емтиханы
Өтініш беру
Тестілеу туралы
Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm (TOEFL ITP) сертификаты бар тұлғалар докторантураға түсу емтиханы басталғанға дейін ағылшын тілін білуге арналған қосымша тестілеуді (қосымша тестілеу) тапсырады.
Компьютерлік тестілеу
Тапсыру нысаны
Республикалық маңызы бар қалаларда және облыс орталықтарындағы өңірлік тестілеу орталықтарында
Өткізу орны
Қарастырылған
Апелляция
Тестілеуді өткізу мерзімдері

Тіркелу: Күнтізбелік жылғы 3 шілде - 3 тамыз
Өтініштерді қабылдау базасы белгіленген соңғы күні сағат 18:00-де жабылады
Тестілеу: Күнтізбелік жылғы 4 тамыз - 20 тамыз

Тіркелу: Күнтізбелік жылғы 28 қазан - 10 қараша
Өтініштерді қабылдау базасы белгіленген соңғы күні сағат 18:00-де жабылады
Тестілеу: Күнтізбелік жылғы 19 қараша - 11 желтоқсан
- app.testcenter.kz сайтына немесе UTO.KZ қосымшасына (App Store немесе Play Market арқылы) кіріп, интерфейс тілін таңдау
- өтініштер беру жүйесіне электронды пошта арқылы тіркелу (Ұлттық тестілеу орталығынан келген хатта міндетті түрде электрондық поштаны растау міндетті)
- өтініштерді беру жүйесінде алынған логин мен пароль арқылы авторизациядан өту (логин мен пароль көрсетілген хатты өшіруге болмайды)
- ЖСН көрсетіп, «Іздеу» батырмасын басып (А.Т.Ә. автоматты түрде шығады) және байланыс телефон нөмірін көрсету
- «Өтініш беру» бөліміне өтіп, «Жоғары оқу орнынан кейінгі білім» таңдау
- қажетті тестілеу түрін таңдау
- тіркеу үшін деректерін толтыру
- Қосымша тестілеуді өткізу қағидаларымен танысып, келісетінін растау
- офертамен танысып, келісетінін растау
- төлем жасау әдісін таңдап, тестілеуге төлем жасау қажет
- барлық кезеңдерді сәтті аяқтағаннан кейін «Өтініш сәтті қабылданды!» деген мәлімдеме шығады
Қосымша тестілеуге қатысу үшін түсуші Ұлттық тестілеу орталығының цифрлық жүйесі арқылы онлайн түрде өтініш береді.
Білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін түсушінің Жоғары білімнің бірыңғай платформасында (ЖББП) «Білім алушы» немесе «Түлек» мәртебесі болмауы тиіс.
Түсуші өз еркімен Қосымша тестілеу тапсыру қаласын таңдайды.
Қосымша тестілеуге төлемді 1 сағат ішінде жасау қажет.
Берілген өтініш түсушінің жеке кабинетінде «Менің іс-әрекетім» бөлімінде қолжетімді.
Қосымша тестілеуді өткізу пункті, күні мен уақыты туралы ақпарат түсушінің жеке кабинетінде «Менің іс-әрекетім» бөлімінде қолжетімді болады.
Өтініштерді қабылдау базасы белгіленген соңғы күні сағат 18:00-де жабылады.

- жеке кабинетке кіру
- «Менің іс-әрекетім» бөліміне өту
- өтінішті ашып, «Өтінішті өндеу» батырмасын басу
- өзгерістер енгізу
- түзетуден кейін «Сақтау» батырмасын басу қажет
- жеке кабинетке кіру
- «Менің іс-әрекетім» бөліміне өту
- өтінішті ашып, «Өтінішті жою» батырмасын басу
- өтінішті жоюды растау
Өтініштерді қабылдау аяқталғаннан кейін тестілеуге төленген ақы қайтарылмайды.
Бұл ретте, тестілеу үшін төленген ақша қаражаты тестілеу кезеңі аяқталғаннан кейінгі 1 жылға дейінгі мерзімде қайтарылады.
Толығырақapp.testcenter.kz сайтындағы пайдаланушының жеке кабинеті
ӨтуЖеке кабинетке кіру және тіркелу жөніндегі нұсқаулық
АшуЖеке кабинеттегі аккаунтты қалпына келтіру жөніндегі нұсқаулық
АшуТестілеуге қатысу үшін өтініш беру барысында тестіленушінің тестілеуді өткізу қағидаларымен танысқаны және олармен келісетіні туралы келісімі
Ашу